Мақпал Жүнісова өзіне күйе жаққандарды аямайтынын айтты
ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты өтірік өсек тарататындарға ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Өнер иесінің айтуынша, әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимовпен әншінің көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған.
Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары сабырға шақырып, мән бермеуге кеңес беріп жатыр.
-->Өнер иесінің айтуынша, әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимовпен әншінің көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған.
Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жақын арада арыз жазамын. 50 миллионға дейін айыппұл төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға беремін. Алла осылай жазып ютубқа салған айуанның жазасын берсін. Ермахан бауырым, мынаны салғандарды тауып, сазайын бірге берейік! – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары сабырға шақырып, мән бермеуге кеңес беріп жатыр.
«Есерсоқтармен жағаласып қайтесіз, әніңізді айтып жүре беріңіз!», «Сотқа сүйреп, көзіне көк шыбын үймелетіңіз», «Адамның жеке өміріне араласуға ешкімнің құқығы жоқ», «Жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тарту керек», «Алаяқтарға мән бермеңіз, сіз халықтың ерке қызысыз», – деп жұбату жазды тыңдарман қауым.