AlgaApp пайдалы серуендеуге мүмкіндік береді
Күнделікті жаяу жүру кез келген дертке дауа. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруын емдеуде таптырмас әдіс. Тек күйбең тіршілікте серуендеуге уақыт таппай жататынымыз бар. Ал сіз осы жаяу жүргеннен денсаулықтан бөлек материалдық та пайда табуға болатынын білесіз бе? Сізге мұндай мүмкіндікті жақында іске қосылған AlgaApp қосымшасы ұсынады. Elorda.info тілшісі әлеуметтік бастаманы ойлап тапқандардың бірі Әлім Раздықовпен байланысқа шығып, қосымша туралы сұрап білді.
AlgaApp пайдаланушыға физикалық белсенділікті ынталандырудың қарапайым және тиімді әдісін ұсынады. Әр қадам үшін ұпайлар беріледі. Бұл ұпайларды қолданбаның ішкі дүкеніндегі нақты заттарға айырбастауға болады.
AlgaApp қосымшасын Әлім Раздықов, Антон Хон, Ануар Кагаров, Тимур Виринский есімді жігіттер бірге ойлап тапқан. Жобаның тең құрылтайшысы және маркетинг жөніндегі директоры Әлім Раздықовтың сөзінше, қолданбаны жасап шығуға жаһандық мәселе себеп болған.
Биыл шілде айының соңында іске қосылған қосымшада бүгінде 180 мыңнан астам пайдаланушы бар.
Жобаның мәні мынада: жасаған қадамдар үшін қосымша арнайы таңбалауыштарды есептейді. 1000 қадам = 1 TER. Егер күніне 5000 қадам жүрілсе, онда пайдаланушы 5 TER-ге ие болады. Сондай-ақ, қосымшада жарнама көру арқылы тағы 5 TER жинауға болады. Осылайша қосымшаның ішкі дүкенінде киноға билет, түрлі сертификат пен гаджет сатып алуға болады. Әр тауардың жанына сіз жинауға қажетті соммасы жазылған.
Жоба құрылтайшылары ендігі кезекте шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.
AlgaApp-бұл денсаулыққа арналған қосымша ғана емес, сонымен қатар физикалық белсенділікке деген көзқарасты өзгертетін құрал. Аталған цифрлық жоба халықтың денсаулығын жақсартатыны сөзсіз.
-->AlgaApp пайдаланушыға физикалық белсенділікті ынталандырудың қарапайым және тиімді әдісін ұсынады. Әр қадам үшін ұпайлар беріледі. Бұл ұпайларды қолданбаның ішкі дүкеніндегі нақты заттарға айырбастауға болады.
AlgaApp қосымшасын Әлім Раздықов, Антон Хон, Ануар Кагаров, Тимур Виринский есімді жігіттер бірге ойлап тапқан. Жобаның тең құрылтайшысы және маркетинг жөніндегі директоры Әлім Раздықовтың сөзінше, қолданбаны жасап шығуға жаһандық мәселе себеп болған.
Қолданбаны құру идеясы жаһандық жүрек-қан тамырлары аурулары проблемасынан туындады. Бұл мәселе біздің елімізде де бар. Статистикаға жүгінсек, елімізде әрбір 12-ші адам осы ауруға шалдығады. Аурудың алдын алудың белгілі және қарапайым әдістерінің бірі-күнделікті серуендеу. Күніне 10-12 мың қадам денсаулықты 90 пайызға жақсартады. Себебі, мұндай белсенділік қан қысымын, қан тамырлары мен жүректің жұмысын қалыпқа келтіреді. Бірақ қазір көптеген адам серуендеуге уақыт таппай жатады. Біз осыны зерттей келе, адамдар арасында серуендеуге және белсенділікке ынталандыру үшін «ақша табу үшін қозғалыңыз» механикасын қолданғымыз келді,- дейді Әлім Раздықов.
Биыл шілде айының соңында іске қосылған қосымшада бүгінде 180 мыңнан астам пайдаланушы бар.
Бастапқыда жоба бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп, әзірлеушілер тобын жинадық. Қосымшаның MVP нұсқасы екі ай жасалды. Шілде айының соңында іске қосылды. Қазір пайдаланушылар саны 180 мыңнан асты. Күніне 40 мыңға жуық адам қосымшаны пайдаланады. Айта кету керек, әзірге тек iOS нұсқасы қол жетімді. Жақында Android платформасында іске қосыламыз. Сол кезде біздің аудитория 600-700 мың адамға дейін өседі деп жоспарлап отырмыз. Қосымшаны18-34 жас аралығындағы жастар белсенді қолданады. Егер барлық пайдаланушыларды қамтысақ, онда 70 жастағы кісілер де біздің қосамшаны пайдаланатын болады,- дейді ол.
Жобаның мәні мынада: жасаған қадамдар үшін қосымша арнайы таңбалауыштарды есептейді. 1000 қадам = 1 TER. Егер күніне 5000 қадам жүрілсе, онда пайдаланушы 5 TER-ге ие болады. Сондай-ақ, қосымшада жарнама көру арқылы тағы 5 TER жинауға болады. Осылайша қосымшаның ішкі дүкенінде киноға билет, түрлі сертификат пен гаджет сатып алуға болады. Әр тауардың жанына сіз жинауға қажетті соммасы жазылған.
Қосымшаға атау беретін кезде басқа тілдерге қатысты мағына бермей, керісінше қазақ тіліндегі «Алға» деген ұранмен AlgaApp деп атадық. Ал TER таңбалаушысына келсек, бұл қызметтік валюта. Адамдар күнделікті таңба жинау арқылы ішкі дүкенде сауда жасай алады. Ал егер атаудың өзі туралы айтатын болсақ, онда бұл қазақ тілінен аударғанда тер дегенді білдіреді. Яғни адам өзінің еңбегі арқылы белгілі бір жетістікке жетеді. Айта кету керек, қосымша әрбір адамға күніне 5 TER-мен шектелген. Бұл сұраныстың дұрыс тепе-теңдігі үшін жасалған. Бірақ жоспарда ақылы жазылым жасау ойда бар. Бұл лимитті күніне 2-ге көбейтуге мүмкіндік береді,- дейді Әлім Раздықов.
Жоба құрылтайшылары ендігі кезекте шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Егер пайдаланушылар өз достарына осы қосымша туралы айтатын болса, онда қызығушылық білдіретін жандар көбейіп, сұраныс артады. Бұл маркетингтің ең тиімді әдісі деп есептеймін. Әрине, өзге жарнамалар бар. Бастысы адамдар өз денсаулығы үшін қадам жасаса дейміз. Алдағы уақытта қосымшаның функциялық мүмкіндігін кеңейтіп, сыртқы нарыққа шығу да жоспарда бар,- дейді жобаның маркетинг жөніндегі директоры Әлім Раздықов.
AlgaApp-бұл денсаулыққа арналған қосымша ғана емес, сонымен қатар физикалық белсенділікке деген көзқарасты өзгертетін құрал. Аталған цифрлық жоба халықтың денсаулығын жақсартатыны сөзсіз.