Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін - депутат
Мұндай болжамды Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Еңбек ресурстарын болжау - кадрларды даярлауға гранттар бөлудің негізі. Бірақ бұл құрал тиімсіз пайдаланылып жатыр», - дейді ол.
Аймағамбетовтің айтуынша, жылдам технологиялардың прогресі еңбек саласында жаңа сын-қатерлерді әкеледі, жаңа мамандықтар пайда болып, кейбір зейнеткер мамандықтар жойылып жатыр.
«Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Ал алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін. Тағы 32%-ы өзгереді. Мысалы, онлайн дүкендердің жұмысының кесірінен бүгін сатушылардың жұмыс орындары қысқарып жатыр. Бірақ оның орнына call-орталықтарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мобильді қосымшаларды жүргізу және оларды өңдеу, әзірлеу бойынша жұмыс орындары ашылып жатыр», - деп айтты депутат.