Ақшолақов: Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында
Энегетика министірінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция.
Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50%-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.
Ол атап өткендей, осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқан.
Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.
-->Энегетика министірінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция.
Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында.
Мысалы үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық - 101 пайыз,- деді ол.
Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50%-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.
Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын.
Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.
Алайда, бір айдан кейін көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік,- деп атап өтті Ақшолақов.
Ол атап өткендей, осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқан.
Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.
Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше), - деді спикер.
Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.