Адам саудасымен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.
Негізгі заңға жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.
Ілеспе түзетулерде Қылмыстық кодекске жаңа санат – адам саудасымен байланысты қылмыстар енгізіледі. «Адамды қанау» түсінігі мәжбүрлеу әдістерін кеңейту тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.
Сонымен қатар жаңа заңда адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.
Қылмыстық-процестік кодексі жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен толықтырылады. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңда адам саудасына қатысты жекелеген қылмыстар қамтылған.
Серіктестік аясында алғаш рет заң деңгейінде Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігінің уәкілетті органдары белгіленіп отыр. Басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың (туризм субъектілері, жұмыспен қамту агенттіктері) функциялары біріктіріледі.
-->Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.