Абай облысында науқастарға ота жасағанда мерзімі өткен наркоз салынған
Абай облысының Мақаншы аудандық емханасында науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттарын қолданған 12 медқызметкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия препараттарын қолдану фактілері орын алған.
-->Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия препараттарын қолдану фактілері орын алған.
«Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», - деді Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.