АӘК тек мұқтаж адамдарға ғана тағайындалады
2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 2,2 млн адам алды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару, мемлекет пен көмек алушылардың өзара міндеттемелерін қолдану жөніндегі белсенді шаралардың арқасында олардың саны 2023 жылы шамамен 600 мың адамды құрады.
Бұл ретте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыру қажеттілігі туралы міндет қойды. Бұл жәрдемге мұқтаж азаматтарды нысаналы қолдау үшін ресурстарды босатуға көмектеседі.
Министрдің айтуынша, күн тәртібінде Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, АӘК-ті толық трансформациялау тұр. Бұл қаражаттың атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті көмек алушыларды, бюджеттің шығыс бөлігін айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, АӘК трансформациясының барлық процестерінде адам факторын болдырмау үшін цифрландыру негізгі компонент болады.
Айта кетейік, 2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға АӘК тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалды.
-->

Көмекке мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленетін болады, – деді С.Жақыпова.