80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, алдау арқылы ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлады Elorda.info ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.
ІІМ қылмыстық қодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
Ведомство ақпаратынша, 80 жастағы ер адам ұсталып, өзінің кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар қариядан ұялы телефон тәркіленген.
-->Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, алдау арқылы ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлады Elorda.info ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.
Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған, - дейді аудандық полиция бөлімінің өкілдері.