608 мың адамға қызылшаға қарсы вакцина салынды
Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 млн. адамның 608 мыңнан астамы вакцинацияланды. Бұл туралы Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцина салдырады.
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда.
Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі. ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды.
Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізілуде, бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.
Қабылданған шаралардың арқасында қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірлерінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігінің артуы байқалады.
-->Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцина салдырады.