6 мыңға жуық азамат қандас мәртебесін алды
1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 134,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (50,3%) Қытайдан, 33,4% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан 5,2% – Моңғолиядан, 3,4% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,6%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрады.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,1%-ы жалпы орта білімді, және 5,3%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (50,3%) Қытайдан, 33,4% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан 5,2% – Моңғолиядан, 3,4% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,6%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрады.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,1%-ы жалпы орта білімді, және 5,3%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрады. 1 мамырдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 453 қандас қоныс аударды, - делінген министрлік ақпаратында.