Жыл басынан бері 1 млн адамның жалақысы 12%-ға өсті
Жыл басынан бері 1 млн адамның жалақысы 12%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, министрліктің бастамасы негізінде жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілген, соның нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама атқарушылық құжаттан міндетті құжатқа айналған.
-->Жыл басынан бері 1 млн адамның жалақысы 12%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, министрліктің бастамасы негізінде жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілген, соның нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама атқарушылық құжаттан міндетті құжатқа айналған.
Осылайша, қазіргі уақытта нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол жеке сот орындаушыларына оны мәжбүрлеп орындау үшін беріледі. 2022 жылы 47 материал, ал биыл 14 іс берілді.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілермен қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде былтыр 2,5 мың жұмыс беруші 2 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін көтерді. Биыл жыл басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 млн астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді, – деді Төлеген Оспанқұлов.