Әлеумет

Қазақстан Германия өңірлерінен құс етін әкелуге уақытша тыйым салды

28 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Германияның Рейнланд-Пфальц және Шлезвиг-Гольштейн аумақтарынан тірі құс етін және құс өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізді, деп хабарлады Elorda.info Eldala.kz-ке сілтеме жасап.

Оған осы аймақтарда жоғары патогенді құс тұмауы вирусының тіркелгені туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WAHIS) ресми ақпараты себеп болды.

Осылайша:

• тірі құстар мен инкубациялық жұмыртқалар;

• мамық және қауырсын;

• термиялық өңдеуден өтпеген құс еті және құс өнімдерінің барлық түрлері (кемінде 70°С);

• құстарға арналған жем және жем қоспалары (химиялық және микробиологиялық синтездегі жемшөп қоспаларын қоспағанда);

• таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалар (құс);

• құстарды ұстауға, союға және кесуге арналған жабдықтарды Қазақстанға әкелуге уақытша тыйым салынады.

Сондай-ақ жоғарыда аталған аймақтардан Қазақстан аумағы арқылы тірі құстардың транзитіне тыйым салынады.

-->