Әлеумет

Еліміз бойынша қанша шақырым жол жөнделеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жөнделетін жолдар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жөнделетін жолдар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізіліп жатыр (республикалық желінің 7 мың шақырымы және жергілікті желінің 4 мың шақырымы). Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады, - деді Амангелді Беков Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.