«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды
Елімізде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->Елімізде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу мақсатында ІІМ осы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық кең ауқымды акцияны бастады. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Оларда зардап шеккен баланың жартысы автокөлікте жолаушы ретінде болады, - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.