Қазақстандықтар бұйымдарын тегін тарататын болған
Танымал онлайн сауда алаңының сарапшылары осындай хабарландырулардың саны былтырғыдан 3%-ке өскенін байқаған, деп хабарлады Elorda.info.
«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, тегін берілетін тауарлар санатында ересектер мен балаларға арналған киімдер, жиһаз, тұрмыстық заттар бар.
Мамандар мұны мұқтаждарға жанашырлық деп бағалайды. Бұйымын тегін беретіндердің көбі Павлодардан. Әзірге оңтүстік аймақ халқы белсенді емес. Бірақ бұл – өңір тұрғындарының сараңдығын байқатпайды. Себебі олар онлайн сервиссіз-ақ айналасына жомарттық танытып жүретінін айтады.
-->Танымал онлайн сауда алаңының сарапшылары осындай хабарландырулардың саны былтырғыдан 3%-ке өскенін байқаған, деп хабарлады Elorda.info.