Елімізде ең аз неке қай өңірде тіркеледі
Өткен жылы елімізде 128,5 мың жұп некесін қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қалаларда неке қидыру көрсеткіші бір жылда 14%-ға қысқарды, ал ауылдарда керісінше, 5,4%-ға өсті.
Былтыр елімізде 17,7 мың жұп ажырасқан, бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,1%-ға азайған. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 11,9%-ға азайса, ауылдарда 4,7%-ға яғни 4,6 мыңға артқан.
Өңірлер бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,6%-ға аз. Одан әрі үштікке халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы және Астана қаласы кіреді.
Ең аз неке Ұлытау облысында тіркеліп отыр. Ажырасу саны бойынша Алматы, Астана және Қарағанды облысы алдыңғы қатарда.
Ал Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облысында ажырасатындар қатары аз.
Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,29-дан 6,46-ға дейін төмендеді. Некенің ең жоғары коэффициенті елордаға тиесілі.
Атап айтқанда, 1000 адамға шаққанда 7,72 құрайды. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Қарағанды облысы кіреді.
-->Өткен жылы елімізде 128,5 мың жұп некесін қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.