Әлеумет

Былтыр жол апатынан 3 652 бала зардап шекті

Мұндай деректер Ашық НҚА порталында жарияланған «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында» келтірілген, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар өткен жылы министрлік республика бойынша балалардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізген. Оның нәтижесінде бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің әл-ауқат деңгейі орта есеппен 55,3 бал болды.

-->

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада жыл сайын 600 мыңнан астам адам жарақат алады. Оның 22%-дан астамы немесе 130 мың бала мұзға түсіп кету, терезеден құлау, жол-көлік апаты сияқты оқиғаларға ұшырайды. Яғни, күн сайын 360 бала зардап шегеді. Тек өткен жылы ғана балалардың терезеден құлауының 200-ге жуық фактісі тіркелді. Салдарынан 25 бала қайтыс болды. Жол апатынан 232 бала қаза тауып, 3 652 бала зардап шекті, - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігі талқылауға шығарған тұжырымдамада.