2029 жылға дейін 1 млн ауыл жастары жұмыспен қамтылады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ауыл жастарын қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қаралды. Бұл құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ауыл жастарын қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қаралды. Бұл құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады.
Бүгінде жастардың 43,7%-ы ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жасын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауатын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген, - деді министр Үкімет отырысында.