Әлеумет

NEET санатының үлесі 2029 жылға дейін азаяды

2029 жылға дейін жастар арасындағы NEET санатының үлесі 2 есеге азаяды, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, ол үшін жұмыссыз жүрген қазақстандықтар арнайы еріктілер жобаларына қатысуға тартылады.

Нәтижесінде NEET  санатына кіретіндер саны 6,7-ден 3 жарым процентке дейін төмендейді. Жалпы қазір елде 250 адам осы топқа кіріп отыр. Тізімге жұмыс істемейтіндер, білім алмай жатқандар және де өз біліктілігін арттыруға талпынбайтын жастар бар.

-->

Сондай-ақ олардың әлеуметтік жағдайына тұрақты монитринг жүргізу жоспарда бар. 18 мыңнан астам азаматқа жеңілдікпен несие беріледі. 2 миллион 300 мың жас жұмысқа орналастырылып, 3 миллионға жуығы жоғары білім алады, – деді Дархан Қыдырәлі.

Нәтижесінде NEET  санатына кіретіндер саны 6,7-ден 3 жарым процентке дейін төмендейді. Жалпы қазір елде 250 адам осы топқа кіріп отыр. Тізімге жұмыс істемейтіндер, білім алмай жатқандар және де өз біліктілігін арттыруға талпынбайтын жастар бар.

Жастар арасында қоғамдық пікір басшыларымен жұмыс жүргізіледі. Қолдау шаралары бір терезе қағидаты бойынша цифрлық форматта жиналады. Іске асырылып жатқан шараларды объективті бағалау үшін дамыту индексі енгізіледі. Ғылыми орталықтармен жұмыс жүргізіледі. 90 процент жастар мелекеттік қолдау шаралары жайлы хабардар болады, - деді Д.Қыдырәлі.