Әлеумет

Қаңтарда елімізде тіркелген көліктер саны 27%-ға өсті

Қаңтарда есепке 126,9 мың автокөлік қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артқан.

Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Дегенмен, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайған.

-->

Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны – 4 518,7 мың (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 10%-ы – жүк автомобильдері, 2,1%-ы – автобустар, - дейді мамандар.

Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Дегенмен, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайған.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн  теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған, - деді бюро мамандары.