Әлеумет

Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады, бұл ереуілдерге алып келуде (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында).

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынды.

Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған қаражатқа қосымша қажеттілік 11 096 жүргізушіге 13 369 миллион теңге екенін есептеді.

Құжат 28 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

-->