Әлеумет

Бас прокурор әйелдерді мерекемен құттықтап, наградалар тапсырды

Бас прокуратурада әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас прокуратурада мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бас прокурор қазақстандық арулар тек ошақ иесі ғана емес, сонымен қатар кез келген саладағы жоғары санатты кәсіпқой қызметкерлер екенін атап өтті.

Мерекеге орай 232 әйел прокурор ведомстволық наградалармен және сыныптық шендермен марапатталды.

Бас прокурор ардагерлердің еңбегін, олардың ішінде прокуратураның мақтанышы – Қазақстанның бірінші генералы Сәуле Айтпаева, көп жылдар бойы республикалық Ардагерлер кеңесін басқарған Гүлжан Қаракұлова және прокуратура жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан басқа да көптеген нәзік жанды тұлғаны ерекше атап өтті.

Сөз соңында қадағалау органының басшысы өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеген, Отанына қызмет ету жолында күн сайын борышын атқаратын әріптестерінің ата-аналарына алғыс білдіріп, отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

Ресми бөлімнен кейін ерлер қауымы мерекелік концерт ұйымдастырды.
 
-->

Біздің әйелдер ерік-жігер мен табандылыққа ие, қызметтегі қиындықтарға қарамастан, заңдылықты қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосуда, - деді Берік Асылов.