Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70-тен астам мектеп салынады
Биыл жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектептер салынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің сөзінше, жемқорлықтан жиналған ақша жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған білім ұйымдарына да жұмсалады.
-->Биыл жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектептер салынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлады Elorda.info.
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға биыл елімізде 70-тен астам мектеп салынады. Бізде мектеп құжаттары мен тізімі бар. Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді. Мектептер еліміздің барлық өңірінде салынады, - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып.
Министрдің сөзінше, жемқорлықтан жиналған ақша жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған білім ұйымдарына да жұмсалады.