Қазақстандықтар зейнетақы қорынан бір айда шамамен 11 млрд теңге алған
Бұл туралы Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылғы ақпан айында зейнетақы қорынан алынған зейнетақы жинақтарының сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6 млрд теңгеге артық.
Салымшылар емделуге ақы төлеу мақсатында 3,5 млрд теңгені өз шоттарынан шешіп алды (2,8 мың өтініш орындалды). Ақшаның басым бөлігін тіс дәрігерлеріне беруге жұмсаған.
Алынған қаражаттың аз ғана бөлігі – 26 млн теңге (10 өтініш орындалды) басқарушы компанияларға аударылды.
-->Бұл туралы Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылғы ақпан айында зейнетақы қорынан алынған зейнетақы жинақтарының сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6 млрд теңгеге артық.
Барлық қаржының үштен екісі, яғни 7,5 млрд теңге (3,4 мың өтініш орындалды) тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй сатып алу кезінде толық есеп айырысуға кетті (4,6 млрд теңге). Нысаналы депозиттерді толықтыруға – 1,1 млрд теңге, ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге – 1,1 млрд теңге, бастапқы жарнаны енгізуге және ипотека алуға 469 млн теңге бағытталды. Тағы 146 млн теңге басқа мақсаттарға жұмсалды, - делінген хабарламада.