Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінде гуманитарлық жүк тасымалдаған ұландықтар марапатталды (ВИДЕО)
Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді. Президенттің Жарлығымен ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде екі мәрте жер сілкінісі болды. 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 20 мыңнан астам ғимараттың қираған орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
45-тен астам мемлекет жапа шеккендерге қол ұшын созды. Апаттың салдарын жою үшін қаржылық көмек көрсетті.
Қазақстан да жағдайға бей-жай қарамай, апат аймағына шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлерді, сонымен қатар авариялық-құтқару жабдықтарының 150-ге жуық түрін жіберді.
Опаттан ойран болып, зілзаладан жапа шеккендерге қазақ елінің атынан көмекке аттанғандардың бірі Берікболсын Хабиболла. Ол – 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі. “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталған ұландық апатты жерге ұшу мен қону кезінде қиындықтардың болғанын айтады.
Оның әріптесі Құрманғали Топанов ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
Әскери борышын абыроймен атқарып келген жауынгерлерге ведомство басшылығы қызметте табыс тіледі.
-->Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді. Президенттің Жарлығымен ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде екі мәрте жер сілкінісі болды. 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 20 мыңнан астам ғимараттың қираған орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
45-тен астам мемлекет жапа шеккендерге қол ұшын созды. Апаттың салдарын жою үшін қаржылық көмек көрсетті.
Қазақстан да жағдайға бей-жай қарамай, апат аймағына шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлерді, сонымен қатар авариялық-құтқару жабдықтарының 150-ге жуық түрін жіберді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен осындай сын сағатта Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып, гуманитарлық жүктерді тасымалдады. Ұшқыштар Сирияға 4 рейс, Түркияға 2 рейс жасады, – деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Опаттан ойран болып, зілзаладан жапа шеккендерге қазақ елінің атынан көмекке аттанғандардың бірі Берікболсын Хабиболла. Ол – 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі. “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталған ұландық апатты жерге ұшу мен қону кезінде қиындықтардың болғанын айтады.
Сирия мемлекетіне ұшу бұл біздің онда бірінші рет ұшуымыз болғандықтан экипаж үшін қиынға түсті. Онда GPS-навигация жұмыс істеген жоқ. Бұл ұшақтардың толық жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Радиобайланыстан да қиындықтар туындады. Жер сілкінісі кезінде Түркия мен Сирия елдерінің радиостанцияларына үлкен зақым келген, – деді ұландық.
Оның әріптесі Құрманғали Топанов ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
Жалпы негізгі қызметіміз осы. Сондықтан барлық қиындықтарды еңсере білдік. Бәріміз әскери адам болған соң, жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға тырысамыз, – деді ҚР Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі Құрманғали Топанов.
Әскери борышын абыроймен атқарып келген жауынгерлерге ведомство басшылығы қызметте табыс тіледі.