Әлеумет

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші наурызда мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру басталды. 1 шілдеге дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер азамат толықтырады.

Жалпы Қарулы Күштерге 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметіне 3 мыңнан астам, ТЖ министрлігіне 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне 80-нен астам адам шақырылуға жатады.

-->

Жергілікті атқарушы органдарының 195 әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды, оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. Әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама жолдау арқылы да хабардар ету жүргізілуде, – деді спикер.