Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың ақпаратын қосымшалар арқылы алуға болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алынатын зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар туралы анықтама беру процесін автоматтандырды. Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді болмақ, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, бұрын бұл ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тұрақты тұратын жері бойынша бөлімшелерінен қағаз жеткізгіште алуға болатын еді.
Қызметті автоматтандыру қажеттілігі үлкен сұранысқа ие болды – тек 2022 жылы 210 мыңнан астам адам анықтама алды.
ЕХӘҚМ ЕДБ-мен бірлесіп 15 минут ішінде мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта қызығушылық тудыратын деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды.
Анықтаманың цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Көрсетілетін қызметті алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл).
Қазіргі уақытта қызмет «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшасында қолжетімді. Жақын арада осы ақпаратты алу мүмкіндігін «Kaspi Bank»АҚ қосымшасында іске асыру жоспарлануда.
Мобильді қосымша арқылы алынған жәрдемақылар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру ақпарат алу процесін жеңілдетеді және оңайлатады, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдейді.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алынатын зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар туралы анықтама беру процесін автоматтандырды. Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді болмақ, деп хабарлады Elorda.info.