Әлеумет

Елімізде қанша шетелдік жұмыс істейді

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 496 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1645 жұмыс беруші бар. Оларда 411 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 458 адам (42%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 879 адам (11%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 733 адам (4%); өңдеу өнеркәсібі –  1 641 адам (7%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 693 адам, Түркия – 1 615 адам, Ұлыбритания – 1 104 адам, Өзбекстан – 391 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.

2023 жылға министрлік шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 22 226 бірлік (0,24%) белгіледі.

-->