1 сәуірден бастап жүргізушілерге айыппұл туралы хабарлама жіберіледі
1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Kolesa.kz сайтының мәліметінше, осыдан кейін айыппұлды төлеу туралы бұйрық жеткізілді деп есептеледі.
Қазір жүргізушілер атында айыппұлдың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан және кей банк қосымшаларынан тексере алады.
Алайда азаматтар порталға телефон нөмірін қате жазуы немесе өзгертіп жіберуі мүмкін. Соның салдарынан көлікті қайта тіркеу кезінде өз атында айыппұл барын білмей жатады.
-->1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі, деп хабарлады Elorda.info.