«Ұят болады»: Баланың талабын шектейтін тыйым сөздердің тізімі жасалды
«Жаңа адамдар» қозғалысы психолог Зарина Кенжеқармен бірге баланың талабына тұсау салып, қиялын шектейтін тыйым сөздердің тізімін жасап шыққан, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.
Қозғалыс өкілдері психолог маманның көмегімен қоғамдағы баланың дамуына кедергі келтіретін тыйым сөздерді анықтап, нейрожелінің көмегімен ол сөздерден келетін зиянды шартты иллюстрациялар арқылы кескіндеп шыққан.
Психолог Зарина Кенжеқардың пікірінше, отбасында жиі айтылатын осы сөздер баланың санасы мен мінез-құлқында өшпес із қалдырады екен.
Бұл сөздерді естіп өскен бала үлкен өмірге аяқ басқанда біреу келіп итермелемесе, өз қалауымен іс бастамайтын, әр қадамын айналасына алаңдап басатын, қолынан келіп тұрған істің өзін сенімсіздікпен орындайтын еріксіз адам болып өсуі мүмкін.
Ал иллюстрациялар «Осы сөздерді әлемге білімі мен еңбегінің арқасында теңдессіз жетістікке жеткен адамдар естіп өссе, не болар еді» деген сұраққа жауап іздейді.
Қозғалыс белсендісі әрі баспасөз хатшысы Алпамыс Әбіловтің айтуынша, қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың тамырын жою үшін жұрт болып зиянды тыйым сөздерден арылу қажет.
-->«Жаңа адамдар» қозғалысы психолог Зарина Кенжеқармен бірге баланың талабына тұсау салып, қиялын шектейтін тыйым сөздердің тізімін жасап шыққан, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.
Қозғалыс өкілдері психолог маманның көмегімен қоғамдағы баланың дамуына кедергі келтіретін тыйым сөздерді анықтап, нейрожелінің көмегімен ол сөздерден келетін зиянды шартты иллюстрациялар арқылы кескіндеп шыққан.
«Кет, мен өзім істеймін!», «Тиме, сындырасың!», «Бірінші рұқсат сұрау керек», «Әкел, өзім істейін», «Қумашы», «Тыныш отыр»...
Психолог Зарина Кенжеқардың пікірінше, отбасында жиі айтылатын осы сөздер баланың санасы мен мінез-құлқында өшпес із қалдырады екен.
Бұл сөздерді естіп өскен бала үлкен өмірге аяқ басқанда біреу келіп итермелемесе, өз қалауымен іс бастамайтын, әр қадамын айналасына алаңдап басатын, қолынан келіп тұрған істің өзін сенімсіздікпен орындайтын еріксіз адам болып өсуі мүмкін.
Ал иллюстрациялар «Осы сөздерді әлемге білімі мен еңбегінің арқасында теңдессіз жетістікке жеткен адамдар естіп өссе, не болар еді» деген сұраққа жауап іздейді.
Қозғалыс белсендісі әрі баспасөз хатшысы Алпамыс Әбіловтің айтуынша, қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың тамырын жою үшін жұрт болып зиянды тыйым сөздерден арылу қажет.
Бізге әрі қарай да басқалардың пікіріне жалтақтап, әр әрекетімізден ұялып өмір сүре беруге болады. Біреудің бастамасы мен тың идеясын байыбына бармай жатып сынау, өзіміздің істеп жүрген шаруамызға күмәнмен қарау сияқты жат әдеттерден арылуымыз керек. Ол үшін адамды кері тартып тартып, тежейтін тыйым сөздерден арылуымыз керек. Ал ол әркімнің тіліне ие болуынан, ойланып сөйлеуінен басталады. Өйткені, әркім өзін өзгерту арқылы айналасын да өзгертеді. Сонда ғана «Жаңа Қазақстанды» бірге құра аламыз, - дейді ол.