Оқу-ағарту министрі кәсіподақ өкілдерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерімен бөлісті.
Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.
Оқу-ағарту министрі бұған дейін қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, Білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен болатын. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.
-->Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.