«Bala Qorgau» сайтына жыл басынан бері 70-тен аса өтініш түскен
Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған, деп хабарлады Elorda.info.
Веб-сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдын ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.
Веб-сайтта оқушылар ғана емес, ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады. «Bala Qorgau» оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
-->Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған, деп хабарлады Elorda.info.
Веб-сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдын ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.
Жыл басынан бері сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды, - дейді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова.