Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні енгізілуі мүмкін
Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізіліп, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні 15 сәуір деп белгілеу ұсынылған, деп хабарлады Elorda.info.
Құжатқа түсіндірмеде қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні көрсетілген.
Қаулы жобасы 1 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
-->Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізіліп, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні 15 сәуір деп белгілеу ұсынылған, деп хабарлады Elorda.info.
Құжатқа түсіндірмеде қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні көрсетілген.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлерде кәсіби мерекені атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, олар бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді, – делінген хабарламада.
Қаулы жобасы 1 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.