Елімізде әрбір екінші автокөлік ескірген – зерттеу
Қазақстанда 2022 жылы жеңіл автомобильдер саны 2,9% - ға артып, 2023 жылдың басында 3,91 млн бірлікті құрады, оның ішінде 10 жылдан асқан жеңіл автомобильдер саны 2,76 млн - ға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда бірден 14,7% - ға артық. 10 жылдан асқан жеңіл автомобильдердің үлесі бір жылда 63,4% - дан 70,6% - ға дейін өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz –ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, еліміздегі 10 жеңіл автокөліктің 5-еуі 20 жылдан астам айдалған. Бұл - 2 млн-ға жуық автокөлік. Елімізде 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер саны 816 мыңды құрайды.
Қазақстанда 10 жылдан асқан барлық жеңіл автомобильдердің үштен бірі тек үш өңірге тиесілі. Олар: Алматы облысы (406,6 мың бірлік), Алматы (310,6 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысы (211,8 мың бірлік). Бұл ретте өңірлік автопаркте 10 жылдан асқан автомобильдердің ең үлкен үлесі Жамбыл (86,7%), Жетісу (85,9%) және Алматы (84,1%) облыстарында тіркелген.
Сонымен қатар, республика бойынша орта есеппен ескірген көлік үстемдігі аз екі өңір бар. Олар: Атырау облысы мен Астана қаласы. Онда 10 жылдан асқан машиналардың үлесіне автопарктің жартысынан азы тиесілі: 45,5% және 48,1%.
20 жылдан асқан ескі көліктер туралы айтатын болсақ, мұндай жеңіл автомобильдердің жартысына жуығы бес өңірге: Алматы облысы (317,8 мың бірлік), Алматы (177,2 мың бірлік), Қарағанды (157,3 мың бірлік), Шығыс Қазақстан (154,9 мың бірлік) және Жамбыл (145 мың бірлік) облыстарына тиесілі.
Айта кететін жайт, қазір Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жылдан асқан 103,2 мың жеңіл автокөлік тіркелген. 20 жылдан асқан 115,9 мың жеңіл автомобильдің аймағы мүлдем көрсетілмеген.
-->