Оқымаған әйел ұрпақты тәрбиелей алмайды – «Әкелер одағы» ҚБ төрағасы
Қай заманда болмасын бақытты отбасын құру тақырыбы - өте өзекті. Ері мен әйелі өз міндеттерін орындағанда отбасында гармония пайда болады. Тіпті отбасын тәрбиелеу арқылы қоғамды тәрбиелейміз. Бұл пікірді «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет айтады. Сондай-ақ сұхбат барысында спикер саналы әке болу деген не, бала тәрбиелеуде қандай мәселелер бар, ата-ананың жасы бала тәрбиесіне әсер ете ме деген сұрақтарға жауап беріп, бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелерге пайдалы кеңес берді, деп жазады Elorda.info тілшісі.
Бірлестік құрылтайшысы Қуаныш Жұматаев есімді азамат болған. Алдымен Астана қаласындағы №59 мектептен бастау алған. Ол бірде баласы оқитын мектептегі ата-аналар жиналысына келгендердің басым көпшілігі аналар екендігін көреді. Содан өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкелердің қатысы мен рөлінің қандай екендігін ойлайды. Осылайша, мектептің тыныс-тіршілігіне, жиналыстарына белсенді атсалыса бастаған қоғам белсендісі білім мекемесінде «Әкелер кеңесін» құру бастамасын өз қолына алады.
Бұл кеңес 2011-2012 жылдары әскери-патриоттық клуб ашады. Әкелер мен балалардың қатысуымен шахмат пен футболдан спорттық чемпионаттар, әртүрлі бағыттағы шығармашылық байқаулар және т.б. іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар ер-азаматтар балалармен бірге ағаш егіп, «Әкелер аллеясын» құрады.
2012 жылы Қуаныш Жұматаев «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігін тіркейді. Кейін еліміздің әр өңірінен «Әкелер одағының» құрылуына атсалысып, аймақтардағы әріптестермен байланыста болады. Осылайша, бұл бірлестік республикалық әкелер қозғалысына айналады.
(«Ерлерге арналған нұсқаулық. Саналы әке және күйеу болу» кітабы негізінде құрастырылды)
Алайда 2019 жылы қоғам қайраткері, танымал қазақстандық меценат Қуаныш Жұматаев 40 жасында қайтыс болды...
«Баланың қоғамда өз орнын табуына әкелер жауапты»
Кейіпкеріміз бірлестікке төраға болған сәтте еліміздегі «Білім» инновациялық лицейлерінде «Әкелер кеңесін» ашты. Алғашқы жылы мектеп оқушылары және әкелерімен бірлесіп, «Әкелер апталығын» ұйымдастырды. Мұнда бала мен әке арасындағы түрлі мәселелерді қарастырған. Кейін спорттық сайыстарды, зияткерлік ойындарды және т.б. өткізген.
Мақсұтбек Айтмағанбет жыл сайын республикалық «Әкелер форумын» өткізіп тұрады. Былтыр 7-рет өткен форумның тақырыбы «Отбасы – ұлт тірегі» деп аталған.
Пленарлық сессия 7 тақырыптан тұрды. Олардың ішінде «Ерекшеліктері бар балаларды қалай тәрбиелеу керек?», «Балалардың әл-ауқаты және зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Отбасылық білім және демалыс», және т.б бар. Форумда отбасылық коуч Асхат Абжанов «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Кино және театр актері Қуандық Қыстықбаев «Отбасы және мәдениет» тақырыбында сөз сөйледі.
Мақсұтбек Айтмағанбет қазіргі кезде ер адамдар баласына қатысты қандай себептермен келетінін айтты.
Қоғамда ерте отбасын құратын жастар да бар. Осы орайда кейіпкерімізден ата-ананың жасы бала тәрбиесіне әсер ете ме деп сұраған едік.
«Бала-бала» дей бермей, өзімізді тәрбиелеуіміз керек»
Алайда спикер бұл пікірге қарсылық танытатын адамдар да табылатынын жоққа шығармады.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, саналы әке деген құрсақта жүргеннен бастап сол балаға жауапты екенін білу.
Бүгінде спикеріміз жұбайымен бір ұл және бір қыз өсіріп отыр. Қызы 8-сыныпта оқыса, ал ұлы екінші курс студенті.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, қазіргі кезде бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелерге психологиялық көмек қажет.
(UNFPA-БҰҰ Халық саласындағы қоры, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия)
«Жалғызбасты әкелерге психологиялық көмек қажет»
Елімізде вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да бар.
Сондай-ақ Мақсұтбек Айтмағанбет жас әкелерге пайдалы кеңес айтуды ұмытпады.
Сөз соңында спикер оқымаған әйел ұрпақты тәрбиелей алмайтынын жеткізді.
-->Қай заманда болмасын бақытты отбасын құру тақырыбы - өте өзекті. Ері мен әйелі өз міндеттерін орындағанда отбасында гармония пайда болады. Тіпті отбасын тәрбиелеу арқылы қоғамды тәрбиелейміз. Бұл пікірді «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет айтады. Сондай-ақ сұхбат барысында спикер саналы әке болу деген не, бала тәрбиелеуде қандай мәселелер бар, ата-ананың жасы бала тәрбиесіне әсер ете ме деген сұрақтарға жауап беріп, бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелерге пайдалы кеңес берді, деп жазады Elorda.info тілшісі.
Бұл – менің қосымша жұмысым. Қазіргі кезде жұбайым екеуіміз екі бала тәрбиелеп отырмыз. Ата-аналар жиналысына барған уақытта кей мәселелерді әйел ата-аналармен шеше алмадық. «Ұл өсіріп отырған әке ретінде неге біз де қатыспаймыз» деген ой туды. Содан «Әкелер одағы» ұйымы барын білдім, – деді ол.
Бірлестік құрылтайшысы Қуаныш Жұматаев есімді азамат болған. Алдымен Астана қаласындағы №59 мектептен бастау алған. Ол бірде баласы оқитын мектептегі ата-аналар жиналысына келгендердің басым көпшілігі аналар екендігін көреді. Содан өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкелердің қатысы мен рөлінің қандай екендігін ойлайды. Осылайша, мектептің тыныс-тіршілігіне, жиналыстарына белсенді атсалыса бастаған қоғам белсендісі білім мекемесінде «Әкелер кеңесін» құру бастамасын өз қолына алады.
Бұл кеңес 2011-2012 жылдары әскери-патриоттық клуб ашады. Әкелер мен балалардың қатысуымен шахмат пен футболдан спорттық чемпионаттар, әртүрлі бағыттағы шығармашылық байқаулар және т.б. іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар ер-азаматтар балалармен бірге ағаш егіп, «Әкелер аллеясын» құрады.
2012 жылы Қуаныш Жұматаев «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігін тіркейді. Кейін еліміздің әр өңірінен «Әкелер одағының» құрылуына атсалысып, аймақтардағы әріптестермен байланыста болады. Осылайша, бұл бірлестік республикалық әкелер қозғалысына айналады.
(«Ерлерге арналған нұсқаулық. Саналы әке және күйеу болу» кітабы негізінде құрастырылды)
Алайда 2019 жылы қоғам қайраткері, танымал қазақстандық меценат Қуаныш Жұматаев 40 жасында қайтыс болды...
Ұйымға төраға болуға ұсыныс түскен соң көп ойланбай келістім. Байқасаңыз, қазіргі кезде мектептерде мұғалімдердің 80 пайызы – әйелдер. Сондықтан мектептегі ер азаматтар атқаратын жұмысты әйелдерге жүктеп қойғанымыз дұрыс емес деп ойлаймын, - деді Мақсұтбек Айтмағанбет.
«Баланың қоғамда өз орнын табуына әкелер жауапты»
Кейіпкеріміз бірлестікке төраға болған сәтте еліміздегі «Білім» инновациялық лицейлерінде «Әкелер кеңесін» ашты. Алғашқы жылы мектеп оқушылары және әкелерімен бірлесіп, «Әкелер апталығын» ұйымдастырды. Мұнда бала мен әке арасындағы түрлі мәселелерді қарастырған. Кейін спорттық сайыстарды, зияткерлік ойындарды және т.б. өткізген.
Бұл жердегі біздің басты мақсатымыз – әкелерді мектепке баулу. Содан бері, міне, 4 жыл болды. Қазір мектептерде «Әкелер кеңестері» жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ кей білім ордаларында әр апта сайын әкелер үшін футбол, волейболдан жарыстар өтіп тұрады. Ойын біткен соң ер азаматтар балаларын қалай тәрбиелеп жатқаны туралы бір-бірімен ой бөліседі. Олардың арасында жалғызбасты әкелер де бар, - деді ол.
Мақсұтбек Айтмағанбет жыл сайын республикалық «Әкелер форумын» өткізіп тұрады. Былтыр 7-рет өткен форумның тақырыбы «Отбасы – ұлт тірегі» деп аталған.
Пленарлық сессия 7 тақырыптан тұрды. Олардың ішінде «Ерекшеліктері бар балаларды қалай тәрбиелеу керек?», «Балалардың әл-ауқаты және зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Отбасылық білім және демалыс», және т.б бар. Форумда отбасылық коуч Асхат Абжанов «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Кино және театр актері Қуандық Қыстықбаев «Отбасы және мәдениет» тақырыбында сөз сөйледі.
Саналы қоғамда әр азамат отбасын құруға, ана не әке болуға алдын ала дайындалады. Мәселен, балам ауырып қалса не істеймін, әкелер бала туғанда уақытымды бөле аламын ба, баланың тілін қалай табамын деген мәселелерді алдын ала қарастырады. Егер мүмкіндіктеріңіз болмаса, онда отбасын құру туралы ойланыңыздар. Өйткені бала сізге Алланың берген аманаты екенін ұмытпау қажет. Оның адам болуына, қоғамда өз орнын табуға әке жауапты деген мәселені түрлі отырыста көтеріп жүрміз, - деді «Әкелер одағы» ҚБ төрағасы.
Мақсұтбек Айтмағанбет қазіргі кезде ер адамдар баласына қатысты қандай себептермен келетінін айтты.
Біріншісі, отбасын құрған жастар бір-бірімен тіл табыса алмауынан проблемалар туындайды. Әсіресе, жас жұбайлардың өміріне ата-аналар араласып, соңы ажырасумен аяқталады. Екінші мәселе – әйелдердің ерлерден көп табыс табуы да дауға себеп болып жатқанын көріп жүрміз. Бірақ, меніңше, бұл дұрыс емес. Онда тұрған ештеңе жоқ. Үшіншісі, өкінішке қарай, ер азаматтардың балалармен кей кезде тіл табыса білмеуі де үлкен мәселеге айналады. Соңғы статистика бойынша, 6,6 ер адам баласына күніне 15 минут уақыт бөледі. Ал бұл – өте аз. Баласының кім болып өсіп келе жатқанын, арман-мақсатын білмеуі де үлкен проблема екені рас, - деді төраға.
Қоғамда ерте отбасын құратын жастар да бар. Осы орайда кейіпкерімізден ата-ананың жасы бала тәрбиесіне әсер ете ме деп сұраған едік.
«Бала-бала» дей бермей, өзімізді тәрбиелеуіміз керек»
Ата-ананың жасы бала тәрбиесіне міндетті түрде әсер етеді. 50 жастан асқан ата-аналар перзентінің тезірек үйленіп, немере сүйгенін қалайды. Қазақ халқы көзі тірісінде ұлың ұяға, қызың қияға қондырғысы келеді. Әлбетте, бұл – дұрыс. Мұндай пікірмен мен де келісемін. Алайда егер баласы отбасын құруға дайын болмаса, неге асығады? Несиеге ақша алып, ұлан-асыр той жасап, ерте үйлендірген баласы көп уақыт өтпей ажырасып та кетеді. Ондай жағдайды да көріп жүрміз. Кесірінен бір-бірімен тіл табыса алмаған жас жұбайлар өз проблемасымен қалады, - деді ол.
Алайда спикер бұл пікірге қарсылық танытатын адамдар да табылатынын жоққа шығармады.
Бұл пікірге қарсылық танытатын адамдардың басты мақсаты – қазақтың санын көбейту. Ол дұрыс. Алайда бізге сан керек пе, әлде сапа керек пе? Әлбетте, бізге сапа қажет. Сапаны дұрыстасақ, сан да өсе береді. Бастысы, біз «бала-бала» дей бермей, өзімізді тәрбиелеуіміз керек, - деді ол.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, саналы әке деген құрсақта жүргеннен бастап сол балаға жауапты екенін білу.
Саналы әке – өз баласына, отбасына жауапты азамат. Саналы әке болу үшін әр азамат дайындалуы керек. Отбасы туралы кітаптарды көбірек оқуы қажет. Өйткені саналы әке болу деген - жауапты әке болу. Баланың өміріне жауапты болуды басынан бастап білу. Мысалы, әке баланың дүниеге келгеннен бастап уақытында тамақ ішуі, киім киюі, білім алуы, қоғамда өз орнын табуына жауапты екенін білуі. Бастысы, жауаптылық анасында емес, сізде екенін ұмытпау қажет, - деді М. Айтмағанбет.
Бүгінде спикеріміз жұбайымен бір ұл және бір қыз өсіріп отыр. Қызы 8-сыныпта оқыса, ал ұлы екінші курс студенті.
«Әкелер одағында» жұмыс істеуімнің отбасыма да біраз пайдасы тиді. Мәселен, мен бұған дейін бала тәрбиесін әйеліме жүктеп қойған едім. Ал қазір жағдай басқаша. Менде балаларыммен көп уақытты бірге өткізіп, біраз сөйлесеміз. Біз қайда барсақ та, балаларды бірге алып жүретін болдық. Ол мейлі қыдыру болсын не шетелге шығу болсын. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз отбасымызбен көлікпен бір аптадай саяхаттадық. Расын айтайын, балаларымды сол уақытта жақынырақ таныдым. Олардың армандарын, алға қойған мақсаттарын білдім. Бұрын тек жалпы ақпараттарды сұрап, қысқа қайыра салатын едік. Сол уақыттан бастап әйелім екеуіміз балалармен бірге жүруге тырысамыз, - деді ол.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, қазіргі кезде бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелерге психологиялық көмек қажет.
(UNFPA-БҰҰ Халық саласындағы қоры, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия)
«Жалғызбасты әкелерге психологиялық көмек қажет»
Жалғызбасты әкелерді «үнсіз қоғам» деуге болады. Олар өз проблемаларын халыққа айтпайды. Керісінше, мәселелерді іште сақтамай, сыртқа шығару керек. Бір айта кетерлігі, олар психологтарға барғысы келмейді. Сол кісілер бізге хабарласады. Кейін біз тағдыры бірдей жандарды бір-бірімен кездестіреміз. Олар өмірде кездескен қиындықтарды қалай еңсергенін бір-біріне айтып, пайдалы ақпараттарымен бөліседі. Олар бізден ақша сұрап келіп жатқан жоқ. Оларға тек психологиялық тұрғыдан көмек қажет, - деді ол.
Елімізде вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да бар.
Осындай әдістпен менің де біраз таныс достарым жұмыс істейді. Олар 15 күндей үйден жырақта жұмыс істесе де, қолында ұялы телефондары бар. Республикалық әкелер форумында балалардың гаджетті көп қолдануын проблема деп айтқанымыз рас.
Балаға телефонды ұстатқанымызбен, оны дұрыс қолдануды үйретпедік. Әлі күнге дейін телефон қолданудың оң жақтарын ала алмай жүрміз. Мәселен, 15 күн сыртта жұмыс істейтін адам күніне бір мезгіл баласымен телефон арқылы сөйлесіп, хал-жағдайын біліп, біраз әңгімелесуге болады. Бастысы, ниеттің болуы, - деді спикер.
Сондай-ақ Мақсұтбек Айтмағанбет жас әкелерге пайдалы кеңес айтуды ұмытпады.
Бастысы, әке болу туралы көбірек мағлұмат оқыса екен. Ол мейлі қазақша болсы не орысша болсын. Мәселен, әке болу үшін ең басты 10 нәрсе деген секілді базалық ақпараттардан бастаса, нұр үстіне нұр болады, - деді ол.
Сөз соңында спикер оқымаған әйел ұрпақты тәрбиелей алмайтынын жеткізді.
«Бүкіл халықтың тәрбиесі әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананың өсірген баласы қандай болмақ? Күңнен ер көңілді, ақ пейілді азамат қалай туады? Күңнен құл тумақшы емес пе?» деп Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатұлы айтқан еді. Мен қызымның білімді болғанын қалаймын. Қыздарыңызды оқытыңыздар, әйелдеріңізді оқытыңыздар. Сонда ғана әйелі білімді болған халық міндетті түрде үлкен жетістіктерге жетеді. Әйелі оқымаса, ол көзі ашық азаматты тәрбиелей алмайды, - деп Мақсұтбек Айтмағанбет сөзін түйіндеді.