Биыл қандай туроператорлар қажылыққа апара алады
Биыл Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4000 қажылық орынын бөлді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қажылық бөлімі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау және қажылықпен айналысуға үміткер туроператорлар арасында бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық орындарын бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 11-31 қаңтар аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдады.
Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ төрағасы бекітті. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды.
Конкурсқа 20 туроператор құжат өткізді. Оның ішінде қажылық орындарын бөлу конкурсына қатысудың басты талаптарына негізделген құжаттары сәйкес 18 туроператор конкурсқа қатысты. Қалған 2 (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) туроператордың халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болмауынан конкурсқа жіберілмеді. Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды.
«Қажылық-2023» маусымына туроператорларға бөлінген қажылық орындарының саны:
1.«Хикмет Тревел» ЖШС – 350 квота
2. «Атлас Туризм» ЖШС – 340 квота
3. «Tawaf Travel» ЖШС – 330 квота
4. «Mina travel» ЖШС – 260 квота
5. «Sanabl kz» ЖШС – 250 квота
6. «Қызмет Саяхат» ЖШС – 225 квота
7. «Qazaq Travel» ЖШС – 225 квота
8. «Хидаят-Нур» ЖШС – 225 квота
9. «Nurkhan travel» ЖШС – 225 квота
10. «Ордабасы-НЖ» ЖШС – 225 квота
11. «Сембекова» ТС – 225 квота
12. «Ал-Маруа» ЖШС – 180 квота
13. «Delta Tour» ЖШС – 180 квота
14. «Robinzon KZ» ЖШС – 180 квота
15. «Нұр-Қазақстан» ЖШС – 180 квота
16. «Иман Travel Тур» ЖШС – 140 квота
17. «Dostik travel» ЖШС – 130 квота
18. «Qazaq Sapar» ЖШС –130 квота.
-->Биыл Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4000 қажылық орынын бөлді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қажылық бөлімі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.