Қазақстандық IT-стартапшы Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық ІТ-стартапшы, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус (Мирболат) Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті.
Бауыры Алматтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол достары/әріптестерімен бірге Түркияның Хатай қаласында контент түсіріп жүрген.
Бүгін бауырлары, достары, Astana Hub-тың басшылығы мен волонтерлар Мирусты іздестіру үшін Түркияға ұшады.
Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу жұмыстарына қосыламын десеңіздер, Мирустың бауыры Алматқа телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: +7 702 430 20 21, - деді ол.