Әлеумет

Қазақстанда апатты күйдегі қанша үй бар

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев апатты жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев апатты жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Республика бойынша тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 3 700 үй бар. Биыл апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі қайта қаралады. Сонымен қатар қалалардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сүрілетін үйлердің тізімі жасалады. Жалпы 2029 жылға дейін 1 500 үйді бұзу және 40 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.