Онлайн курстың ақшасын қалай қайтаруға болады – заңгер кеңесі
Ақпараттық заманның ағыны білім берудің жаңа жүйесін алып келді. Дербес компьютер мен интернет көпшілікке қолжетімді болғалы онлайн білім алу кең етек алды. Мысалы, АҚШ-та қашықтан білім алушылардың саны күрт артуына байланысты білім беру мекемелерінде бұл әдіске белгілі бір шектеу қойылған. Бірақ біз бұл әдістің тиімділігін тек карантин кезінде толық пайдалана білдік. Жұртшылықтың үйде отырғанын ескергендер өз онлайн курстарын ойлап тапса, уақытының көп бөлігін жұмыста өткізуге үйренген халық үйде бос отырмай, онлайн білімнің тұтынушысына айналды. Осы бір кезеңде қазақ қоғамы үшін онлайн білімге жол ашылғандай болды. Бүгінде қалыпты өмір салтына оралдық, бірақ онлайн білім әлі де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осыған орай Elorda.info тілшісі заңгермен тілдесіп, ақылы онлайн курстар көңілден шықпаған жағдайда ақшаны қалай қайтаруға болатынын заң шеңберінде қарастырып көрді.
Онлайн курстар қолжетімділігі және жылдамдығымен ерекшеленеді. Үйде отырып-ақ тіл меңгеру, сәнді киіну, дұрыс тамақтану, қолөнер немесе тағам түрлерін дайындауды үйренуге болады. Мұндай курстар әрқашан білімін жетілдіргісі келетін жастар, тіпті егде жастағы адамдар арасында да танымалдылыққа ие. Білім алудың бұл жүйесіне сұраныс артты, сәйкесінше көңілі толмаған тұтынушы тарапынан ақшаны қайтаруға тырысатын жағдайлар да көбейді.
Заңгер әрі «Право знать» Telegram-арнасының авторы Надежда Гельдт ақылы онлайн курс сатып алғанда екі тарап келісімшартқа отыру қажет екенін айтады.
Заңгердің сөзінше, ақысы төленіп қойылған курстың ақшасын қайтару үшін нақты себебі болуы қажет.
Кейде онлайн мектептер білім алушы уәде етілген нәтижеге жете алмаса, мысалы, жұмысқа орналаспаса немесе белгілі бір ұпай жинамаса, ақшаны қайтаруға уәде береді. Бұл жағдайда тапсырыс беруші осы уәдені кепілдік ретінде тіркеп, нәтиженің жоқтығын растаған жағдайда ақшасын кері қайтаруға мүмкіндігі жоғары болады.
Ал білім алу үшін деп төлеген ақшаны қайтару үшін алдымен курсты дайындаған адамға хабарласып, себебін түсіндіріп, қаражатты қайтаруды талап ету керек. Бас тартқан жағдайда, шарттың талаптарына, сондай-ақ заң нормаларына сілтеме жасай отырып жазбаша талап жазу керек. Орындаушы өз кезегінде 10 күн ішінде оң немесе теріс жауап беруге міндетті. Егер жауап жоқ болса, онда өтінішті ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне e-otinish.kz порталы арқылы жіберу маңызды. Егер өтініш тиімсіз болса, сотқа жүгінуге тура келеді.
Заңгер Надежда Гельдт ақылы онлайн курсты оңай үйренемін деп артынан келеңсіз жағдайға тап болмас үшін әрқашан барлық процесті заң жүзінде қарастыруға кеңес береді.
Осы тақырыпқа байланысты Elorda.info редакциясы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді. Біздің Телеграм арнамызда оқырмандарға «Ақылы онлайн курстарға сенесіз бе?» деген сұрақ қойылды. Оқырмандардың 38 пайызы «курс көп, бірақ қатысып көрмеппін» деген нұсқаны таңдаса, 26 пайызы курстарға сеніп, жиі сатып алатынын көрсеткен. Ал 36 пайызы бұл әдіс ақша табудың амалы деп ойлайды.
Бүгінде оқимын, үйренемін деген адамға онлайн курстар өте көп. Тек ең қажеттісін іріктеген адам ғана «ақша қайтару» мәселесіне жолықпайды. Халық заңды неғұрлым нашар білсе, өздеріне кепіл етілген құқықтар мен мүмкіндіктер көлемін қолдана алмайды. Сондықтан да құқықтық сауаттылықты арттырған артық болмас.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Ақпараттық заманның ағыны білім берудің жаңа жүйесін алып келді. Дербес компьютер мен интернет көпшілікке қолжетімді болғалы онлайн білім алу кең етек алды. Мысалы, АҚШ-та қашықтан білім алушылардың саны күрт артуына байланысты білім беру мекемелерінде бұл әдіске белгілі бір шектеу қойылған. Бірақ біз бұл әдістің тиімділігін тек карантин кезінде толық пайдалана білдік. Жұртшылықтың үйде отырғанын ескергендер өз онлайн курстарын ойлап тапса, уақытының көп бөлігін жұмыста өткізуге үйренген халық үйде бос отырмай, онлайн білімнің тұтынушысына айналды. Осы бір кезеңде қазақ қоғамы үшін онлайн білімге жол ашылғандай болды. Бүгінде қалыпты өмір салтына оралдық, бірақ онлайн білім әлі де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осыған орай Elorda.info тілшісі заңгермен тілдесіп, ақылы онлайн курстар көңілден шықпаған жағдайда ақшаны қалай қайтаруға болатынын заң шеңберінде қарастырып көрді.
Онлайн курстар қолжетімділігі және жылдамдығымен ерекшеленеді. Үйде отырып-ақ тіл меңгеру, сәнді киіну, дұрыс тамақтану, қолөнер немесе тағам түрлерін дайындауды үйренуге болады. Мұндай курстар әрқашан білімін жетілдіргісі келетін жастар, тіпті егде жастағы адамдар арасында да танымалдылыққа ие. Білім алудың бұл жүйесіне сұраныс артты, сәйкесінше көңілі толмаған тұтынушы тарапынан ақшаны қайтаруға тырысатын жағдайлар да көбейді.
Заңгер әрі «Право знать» Telegram-арнасының авторы Надежда Гельдт ақылы онлайн курс сатып алғанда екі тарап келісімшартқа отыру қажет екенін айтады.
Кез келген курс – бұл Орындаушының Тапсырыс берушіге көрсететін қызметі екенін түсіну маңызды. Біздің жағдайда орындаушы – курсты дайындаған адам болса, тапсырыс беруші – қызметті сатып алған адам болады. Әдетте, мұндай қызметті алу үшін келісімшарт жасалу қажет. Келісімшартта қызметтер тізімі, яғни сабақ кестесі немесе көлемі (мысалы, 10 бейнесабақ), сондай-ақ төлем мөлшері және оны қайтару тәртібі көрсетілуі керек.
Ал шарттың екі түрі бар. Лицензиялық шартты жасау кезінде Тапсырыс беруші өз бетінше білім алады. Яғни курсқа байланысты оқу материалдарына (бейнесабақ, дәрістер, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар) қол жеткізе алады. Лицензиялық шарт Тапсырыс берушіге белгілі бір сомаға құқық иесінің зияткерлік меншігін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай шартты жасау кезінде қызмет материалдарына Тапсырыс берушінің қол жеткізген сәтінен бастап көрсетілген болып есептеледі. Мысалы, сіздің поштаңызға кіру коды бар хат немесе гайдқа сілтеме жіберіледі. Ал қызмет көрсету шарты оқытудың кез келген форматына қолданылуы мүмкін. Ол тәлімгердің, мұғалімнің немесе куратордың қатысуымен, сондай-ақ, Тапсырыс беруші курсты өз бетінше аяқтаған кезде де қолданылады,- дейді Надежда Гельдт.
Заңгердің сөзінше, ақысы төленіп қойылған курстың ақшасын қайтару үшін нақты себебі болуы қажет.
Бірінші себебі – егер сіз курстан өтпеген болсаңыз немесе оның бір бөлігін ғана өтсеңіз ақшаны қайтаруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 686-бабына сәйкес Тапсырыс беруші Орындаушыға нақты жұмсалған шығындарды төлеген жағдайда өтеулі қызметтер көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Яғни, егер сіз курсты бастамасаңыз, қол жеткізе алмасаңыз немесе оның бір бөлігін ғана көрсеңіз, онда сіз толық курсқа немесе бір бөлігіне (өтпеген материал, оқылмаған сабақтар үшін) қайтаруды талап ете аласыз. Бірақ келісімшарт талаптарын мұқият оқып шығу маңызды, өйткені курс иесі курсты дайындауға жұмсалған шығындарға байланысты ақшаны қайтарудан бас тартуы мүмкін. Екінші себебі – тұтынушының курстың сапасына қанағаттанбауы. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, тұтынушы көрсетілген қызметте кемшіліктер анықталған кезде өз таңдауы бойынша талап етуге құқылы. Бірақ бұл жағдайда «курс ұнамады» деп айту жеткіліксіз, ол үшін курстың алдын ала мәлімделген сипаттамаларға неге сәйкес келмейтінін дәлелдеу маңызды. Мысалы, 10 бейнесабақтың орнына тек 5 сабақ болды, оқыту сипаттамаға сәйкес келмеді деуге болады. Заңға сәйкес, егер көрсетілген қызметтегі кемшіліктерді Орындаушы белгіленген мерзімде жоймаса не қызметтегі шарт талаптарынан ауытқулар немесе қызметтің өзге де кемшіліктері елеулі және жойылмайтын болып табылса, тұтынушы шартты бұзуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы, - деп түсіндірді заңгер.
Кейде онлайн мектептер білім алушы уәде етілген нәтижеге жете алмаса, мысалы, жұмысқа орналаспаса немесе белгілі бір ұпай жинамаса, ақшаны қайтаруға уәде береді. Бұл жағдайда тапсырыс беруші осы уәдені кепілдік ретінде тіркеп, нәтиженің жоқтығын растаған жағдайда ақшасын кері қайтаруға мүмкіндігі жоғары болады.
Ал білім алу үшін деп төлеген ақшаны қайтару үшін алдымен курсты дайындаған адамға хабарласып, себебін түсіндіріп, қаражатты қайтаруды талап ету керек. Бас тартқан жағдайда, шарттың талаптарына, сондай-ақ заң нормаларына сілтеме жасай отырып жазбаша талап жазу керек. Орындаушы өз кезегінде 10 күн ішінде оң немесе теріс жауап беруге міндетті. Егер жауап жоқ болса, онда өтінішті ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне e-otinish.kz порталы арқылы жіберу маңызды. Егер өтініш тиімсіз болса, сотқа жүгінуге тура келеді.
Заңгер Надежда Гельдт ақылы онлайн курсты оңай үйренемін деп артынан келеңсіз жағдайға тап болмас үшін әрқашан барлық процесті заң жүзінде қарастыруға кеңес береді.
Алдымен шарттың талаптарын мұқият оқып шығу керек. Курсты сатып алу туралы дәлелдерді сақтау да маңызды. Ол төлем түбіртегі немесе хат алмасу болуы мүмкін. Сондай-ақ, сатып алатын өнім туралы басқа сатып алушылардың пікірін ескерген жөн, - дейді заңгер.