Былтыр бірыңғай ақпараттық медициналық call-орталыққа қанша шағым түсті
2022 жылы Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталыққа 759164 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы шағым қалдырған, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қордың мәліметінше, өтініштердің 85%-ында Call-орталыққа қоңырау шалынған. Ал, өтінімдердің 14%-ға жуығы «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түскен.
Қалаларда медициналық қызметтерді тұтынушылар басым әрі халық тарапынан жиі сұрақтар қойылады.
-->2022 жылы Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталыққа 759164 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы шағым қалдырған, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қордың мәліметінше, өтініштердің 85%-ында Call-орталыққа қоңырау шалынған. Ал, өтінімдердің 14%-ға жуығы «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түскен.
Өтінімдердің 93%-ында кеңес берілсе, 50 мыңнан астам өтінімді егжей-тегжейлі қарау мен жауап беру үшін 2-ші және 3-ші қолдау желісіне жіберілді. Астана, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры операторларының кеңесін белсенді пайдаланады, - делінген Қор таратқан мәліметте.
Қалаларда медициналық қызметтерді тұтынушылар басым әрі халық тарапынан жиі сұрақтар қойылады.
Былтыр пациенттерден 24 мың шағым келіп түсті. 2021 жылмен салыстырғанда олардың саны 35%-ға артық. Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады (32,6%). Одан кейінгі орындарда медициналық көмек көрсетуден бас тарту (19%), медициналық көмекті ұзақ күту (5,8%), дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту (4,8%), этика мен деонтологияны бұзу (4%), медициналық ұйымның ақпараттық жүйелерінде көрсетілмеген қызметтің орындалуы туралы жалған ақпарат (3,2%) бойынша шағымдар бар, - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.