Былтыр қазақстандықтарға 1,1 млн түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді
2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтарға проактивті форматта 1,1 млн түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2021 жылмен салыстырғанда осы әдісті пайдаланған алушылардың саны екі есеге өсті, деп хабарлады Elorda.info Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Қызмет көрсетудің проактивті форматы қандай? Бұл кезде адам қандай да бір қызметке жүгінбейді, ал мемлекет оны үйден шықпай-ақ белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде алуды ұсынады. Ол үшін тек SMS-хабарламаға жауап беру керек.
Проактивті қызметтер көрсету кезінде құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер мемлекеттік деректер базасынан электрондық түрде алынады.
Бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласының 23 мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Олардың ішіндегі ең сұранысқа ие болғандары:
– жұмыссыздарды тіркеу (347 мың);
– бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау (215 мың);
– бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (179 мың);
– инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы (мемлекеттік кепілдік) арасындағы айырманы төлеу (127 мың);
– мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау (57 мың).
Бұдан басқа бірқатар басқа қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұрын денсаулығынан айырылған азаматтар мүгедектік белгілеу кезінде, сондай-ақ оңалтудың жәрдемақылары мен техникалық құралдарын алу кезінде төрт түрлі инстанцияға: емханаға, МӘС бөліміне, ХҚКО-ға және әкімдікке жүгінуге мәжбүр болатын.
Енді өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінеді, ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен адам қатысуынсыз өтеді.
Мүгедектік белгіленгеннен кейін өтініш берушіге өзіне сеніп тапсырылған техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде алу үшін тек келген SMS-хабарламаға жауап беру қажет және мүгедектігі бар адамды оңалту мен абилитация жеке бағдарламасына (ОАЖБ) сәйкес оған қолжетімді барлық шаралар автоматты түрде әлеуметтік қызметтер порталына жіберілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша 55 мыңнан астам азамат ОТҚ және әлеуметтік қызметтерді белсенді түрде ресімдеді.
Бұдан басқа осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отбасының әл-ауқатын және мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын айқындайтын «Отбасының цифрлық картасы» жұмыс режимінде іске қосылды.
-->2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтарға проактивті форматта 1,1 млн түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2021 жылмен салыстырғанда осы әдісті пайдаланған алушылардың саны екі есеге өсті, деп хабарлады Elorda.info Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.