Әлеумет

Қазақстанда балалар қандай үйірмелер мен секцияларды таңдайды

Мектеп оқушыларына арналған секциялар мен үйірмелерге баратын балалар саны 2021 жылы 2 689 609 адамды құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2020 жылмен салыстырғанда үйірмеге қатысатын оқушы саны 508 мың адамға өсті.

Алайда бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі 2019 жылғы көрсеткіштен төмен, ол кезде үйірмеге 2 886 131 оқушы барған.

Балалардың ең көбі көркем сурет-эстетика (309 мың адам), волейбол (237 мың адам), футбол және тіл үйірмелеріне (әрқайсысы 213 мың адамнан) қатысқан.

Ал теннис (77 мың адам), сондай-ақ экология (67 мың адам), күрес (43 496 мың адам) пен туризм және өлкетану (32 мың адам) үйірмелеріне баратын бала саны көп болмаған.

Сонымен қатар қысқы спорт түрлерін үйрететін үйірмелерге баратын бала саны азырақ (12 мың адам).

Айта кетейік, үйірме саны 2020 жылы 87 460-тан 2021 жылы 113 752-ге дейін өскен.

-->