Әлеумет

Қырғызстан Премьер-министрі Алиса мен Siri-дің қазақ тілінде сөйлемейтініне алаңдап отыр

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Digital Almaty пленарлық сессиясында дауыстық көмекшілердің қазақ тілінде де, қырғыз тілінде де сөйлемейтініне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Elorda.info.

Оның айтуынша, жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Сонымен қатар технологияның даму қарқыны өзгерістерге жол бастайды.

-->

Маған сол Алиса мен Siri-дің қырғыз немесе қазақ тілдерінде сөйлемейтіні толғандырады. Цифрлық әлемге енбейтін тілдер жазу тіліне енбей қалған тілдің тағдырын кешеді. Жасанды интеллект мүмкіндіктермен қоса мәселелер әкелетінін ескеру маңызды. Сондықтан оның қоғамға әсерін белсенді басқару қажет, – деді Ақылбек Жапаров.