Әлеумет

Әскерилер Түркістан облысындағы су басу қаупіне қарсы шараларға тартылды

Түркістандық әскерилер өңірдегі су басу қаупіне қарсы шараларға тартылды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қардың күрт еруі Арыс қаласы мен көптеген ауылдарды жағалай ағып жатқан Арыс өзеніне құятын Кабылсай каналының арнасынан тасуына әкелген. Елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Арыс қаласы әкімдігінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, ауылдық округтердің әкімдері су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырып жатыр.

Аймақ басшылығы орын алған жағдайды бақылауда ұстауда. Кезекші бекеттерде өзен ағысы мен су деңгейін бақылау жүзеге асырылатын болады.

-->

Оған Қарулы күштердің 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы, №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, «Жасыл Арыс» КММ мамандары, жастар ресурстық орталығының еріктілері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ауылдық округтерге және су басу қаупі бар аймақтарға жіберілетін 2 мың қап құм дайындалды, - деп жазды ведомстводан.