«Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасы 500-ден астам мектепті қамтиды
«Bolashaq» бағдарламасы түлектері қауымдастығы мектеп түлектеріне болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін «Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасын бастады. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев мәлімдеді, хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балаларды ерте жастан бейімдеу айырықша маңызға ие болуы керек екенін атап өтті. Осы орайда былтыр аталған жоба пилоттық түрде 40-тан астам мектепте жүзеге асырылды. 2023 жылдың соңына дейін 500-ден астам мектепті қамту жоспарланған.
-->«Bolashaq» бағдарламасы түлектері қауымдастығы мектеп түлектеріне болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін «Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасын бастады. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев мәлімдеді, хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балаларды ерте жастан бейімдеу айырықша маңызға ие болуы керек екенін атап өтті. Осы орайда былтыр аталған жоба пилоттық түрде 40-тан астам мектепте жүзеге асырылды. 2023 жылдың соңына дейін 500-ден астам мектепті қамту жоспарланған.
Жалпы 3 мыңнан астам оқушы қамтылды, оның ішінде 10-12 сыныптағы балалар бар. Біз оларға нарықтың дамуы және мамандық таңдау кезінде алдарында қандай триггер болуы тиіс екені жайлы айттық. «Болашақ» мамандары-менторлар өздерінің өмірлік немесе кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Зерттеу деректері бойынша бүгінгі таңда еңбекке қабілетті халықтың 60%-дан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл үлкен мәселе. Сондай-ақ мектеп оқушыларының 87%-і ата-ананың және мектеп мұғалімдерінің ықпалымен мамандық таңдайды. Бұл ретте ата-аналардың 25%-ы балаларының қандай мамандықты таңдағысы келетіні туралы түсінігі жоқ екенін айтады, - деді М.Манкеев.