Әлеумет

Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдау қашан басталады

3 наурыздан бастап қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, электрондық немесе қағаз түрінде өтініш бергеннен кейін Мемлекеттік кірістер органдары деректерді алатын 22 ақпарат дереккөзіне сұрау салады. Бүгінгі таңда интеграция жолға қойылған. 

-->

Скоринг жүйесі әзірленді. Бүгінде ол басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сынақтан өткізілуде. Қазір жүктеме ұлғайтылуда. Наурыз айына қарай бұл жүйе дайын болады. Бүгін порталда өтініш нысандары орналастырылды. Азаматтар танысып, 8-іне дейін өз ұсыныстарын, түзетулерін енгізе алады. Тұтастай алғанда, өзара әрекеттесу жүйесі реттелген, ақпараттық жүйе дайын. Яғни, біз азаматтың өтінішіне ғана сүйенбейміз, басқа дереккөздер арқылы да тексереміз, - деді вице-министр.