Әлеумет

Елімізде вахта жұмысшысына төленетін ең жоғары жалақы қанша

HeadHunter онлайн платформасы Қазақстандағы вахталық әдіспен жұмыстың 2022 жылғы қорытындысын шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылы жалпы ел бойынша бүкіл бос жұмыс орындарының шамамен 4% немесе 20 мыңнан астамы вахталық жұмыс болды. 

Вахтада істейтін қызметкерлерге ең үлкен сұраныс Атырау облысында тіркелді. Одан кейін Қарағанды (12%) және Алматы (7%) тұр. 

Вахталық жұмыс іздегендер ішінде ең белсендісі Астанада – 27%. Жұмыс іздеуден Алматы, Ақтөбе және Ақтау вахташылары да қалыспайды – түйіндеменің 7-12% осы қалаларға тиесілі. 

Вахта қызметкерлеріне ең үлкен сұраныс мына салаларда: 

- құрылыс, пайдалануға беру, жобалау; 

- өндіруші сала; 

- металлургия, металл өңдеу. 

Алайда, басқа мамандық өкілдеріне де жұмыс көп, олар – аспаздар, күзетшілер, күтушілер, бағдарламашылар, дәрігерлер, тіпті сатушыларға да вахталық ұсыныстар бар. 

2022 жылы вахта жұмысшысына орта есеппен 350 мың теңге жалақы ұсынылды, бұл – ел бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. 

«Ең қымбат» вахта жұмысының рейтингін Атырау мұнай-газ саласындағы жобалау инженері бастап тұр – оған компания 1 600 000 теңгеден аса еңбекақы төлеуге дайын. 

Екінші орында – Теңіз кентіндегі кәсіпорында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша менеджер (айлық 1 500 000 теңгеден жоғары). 

Үшіншісі – Қарағандыда технологиялық жабдықтар мен құбырларды дәнекерлеуші, жалақысы 1 300 000 теңгеден басталады.

-->