Әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр
Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүргенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ретте әскери борышын өтемегендерді жергілікті атқарушы органдар іздеп жатыр.
-->Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүргенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биылғы дерек бойынша Қазақстанда (әскери борышын өтемей – автор) іздеуде жүргендер саны 30 мыңнан асады. 2022 жылы олардың саны 37 мыңнан асқан, – деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.
Бұл ретте әскери борышын өтемегендерді жергілікті атқарушы органдар іздеп жатыр.
Жергілікті басқару органдары мен полиция жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізеді, – деді Р. Тапашев.