Жаңадан сайланған Сенат депутаты кенеттен қайтыс болды
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі мәлім етті.
Гүлмира Райынбекқызы Кәрімова 1977 жылы 13 тамызда дүниеге келген.
Петропавл қаласында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, бастауыш сынып мұғалімі (1998);
Көкшетау университеті, қаржы бакалавры (2008); Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратура, педагогикалық білім (2016 ж.) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Петропавл қаласы «Қалалық классикалық гимназия» ММ бастауыш сынып мұғалімі (1998-2001);
Петропавл қаласындағы №20 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі (2001-2002); Петропавл қаласындағы әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі ММ, бастауыш сынып мұғалімі (2002-2004); Петропавл қаласы әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі ММ директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары (2004-2006); Петропавл қаласы әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі ММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары (2006-2010); Петропавл қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектеп-кешені ММ директоры (2010-2013); Петропавл қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы (2013-2017); Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы (2017-2021).
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды.
2023 жылы 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланды.
-->Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – делінген хабарламада.