Әлеумет

Өздігінен талып қалды дегенге сенбеймін! – Астанада ауруханада жатқан сарбаздың анасы

Астанада Ұлттық ұланның Астанадағы №5573 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз 23 қаңтар күні кешкі астан кейін есінен танып, ауруханаға түскенін, тіпті, анасының айтуынша, қазір ұлы есін жоғалтып, өзін танымай қалғанын айтқан еді, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі түсінік берді.

Оқи отырыңыз: «Анасын танымайды»: Астанада борышын өтеп жүрген сарбаз мүгедек болып қалған

Сондай-ақ Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сарбаздың денсаулығы туралы пікір білдірді.

Ал ауруханада жатқан сарбаздың анасы Дина Жүсіпова ұлының бұл жағдайға өздігінен  түскеніне сенбейтінін айтады.

-->

2023 жылғы 22 қаңтарда сағат 20.50 шамасында кешкі астан кейін 2022 жылдың желтоқсанында Қостанай облысынан шақырылған мерзімді әскери қызметші Әмірбеков Е. рота орналасқан жерге кетіп бара жатып есінен танды. Оған жақын маңда жүрген әріптестері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, болған жағдайды дереу әскери бөлімнің кезекші фельдшері мен лазарет дәрігеріне хабарлаған. Оны тексергеннен кейін кезекші дәрігер жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Қатардағы жауынгер Әмірбеков № 2 қалалық ауруханаға жатқызылды, бақылауда, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: «Анасын танымайды»: Астанада борышын өтеп жүрген сарбаз мүгедек болып қалған

Сондай-ақ Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сарбаздың денсаулығы туралы пікір білдірді.

22 қаңтарда қалалық ауруханаға әскери бөлімнен жедел жәрдем көлігімен 2001 жылы туған науқас жеткізілді. Қабылдау бөлімінде науқасты кезекші невропатолог қарап, инсульт орталығының бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарды, оны психиатр да қарап шықты. Науқасқа емдеу және тексеру толық көлемде жүргізілуде, - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Ал ауруханада жатқан сарбаздың анасы Дина Жүсіпова ұлының бұл жағдайға өздігінен  түскеніне сенбейтінін айтады.

Баламды қазір тексеріп жатыр. Әзірге айтқысы келгенін қағазға ғана жазып беріп жатыр. Есінде ештеңе қалмағанын жазды. Бірақ ресми мәліметтегі өздігінен талып қалды дегенге сенбеймін. Ондай болғанның өзінде есінен айырылмауы керек еді. Денесінен ұрып-соғу белгілерін таппадық. Бірақ бұл жағдайға өздігінен түскеніне де сенбеймін. Қазір мені оның амандығы ғана алаңдатып тұр. Мына жерден медициналық тексеруден толық өтіп алсын, кейін өзім тәуелсіз медициналық сараптама жасатайын деп отырмын, - дейді Дина Жүсіпова.